Бүгін Үкімет Өңірлер Айтулы іс-шара Күш құрылымдары Қоғам Әлемде Мәдениет

Сенбі күні Алматыда қант диабетінің проблемаларына арналған флешмоб өтеді
218

«Диабет: әрекет ететін кез келді» флешмобы сенбі күні Алматыда өтеді, деп қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінен хабарлады.

«2011 жылғы 19 қарашада 11 сағатта Алматыдағы «Астана» алаңында Қазақстан диабетиктер қауымдастығы мен «Аcierto» комапниясы алматылықтар мен қала қонақтарын «Диабет: әрекет ететін кез келді» флешмобына шақырады (алаңда «көгілдір шеңбер» құру акциясы, бұл БҰҰ бекіткен диабетпен күрестегі бірлік пен күш-жігерді біріктіру символы) Онда жастар ұйымының өкілдері мен бұл проблема таныс барлық қатысушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, көгілдір шеңбер «Барлығымыз бірге диабетке қарсы» әлемдік қозғалысының символы. Оған Қазақстан да қосылған.

Флешмоб әлеуметтік «Диамарафон – 2011» акциясының аясында өтеді.

Текст: ҚазТАГ

КОММЕНТАРИИ

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.

Кіру: