Бүгін Үкімет Өңірлер Айтулы іс-шара Күш құрылымдары Қоғам Әлемде Мәдениет

Қазақстанда шиқылдақ қаз жыл құсы болып жарияланды
541

Қазақстанда шиқылдақ қаз жыл құсы болып жарияланды

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы үйрек тұқымдастарына жататын шиқылдақ қазды биылғы жыл құсы деп жариялады.

«Соңғы 30 жылда шиқылдақ қаздың саны жеті есе кеміген. Салдарынан оны Қызыл тізімге енгізуге тура келді», - делінген қауымдастықтың бейсенбі күнгі хабарламасында.

Биылғы жылы «Жыл құсы» кампаниясы шеңберінде шиқылдақ қаз туралы брошюралар мен постерлер дайындалды. Қызыл кітапқа енгізілген құс туралы материалдар тұрғындар, әсіресе Қазақстанның солтүстігіндегі аңшылар мен қорықшылар арасында таратылады.

Шиқылдаған дыбыс шығаратын Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) еліміздің солтүстік бөлігіндегі сулы-балшықты жерлерді мекендейді. Ал, ұясын Еуразияның солтүстік бөлігіне салады.

Шиқылдақ кәдімгі ақбас қазға өте ұқсайды. Аулауға рұқсат етілген ақбас қазды шиқылдақтан айыру өте қиын. Оның сиреп кетуіне әсер еткен жайттың бірі ос, дейді мапмандар.

Жыл құсы кампаниясы Белоруссия, Ресей, Украина, Германия, Жаңа Зеландия, Эстония, Өзбекстен мен басқа да елдерде өткізіліп отырады.

Қауымдастық Жыл құсын 2006 жылдан бері қарай белгілеп келеді. 2006 жылы - сұңқар, 2007 жылы - қарлығаш, 2008 жылы - тырна, 2009 жылы - бозторғай, 2010 жылы - кәдімгі қара шымшық, 2011 жылы - үлкен сары шымшық, 2012 жылы - дала қыраны Жыл құсы атанған болатын.

Текст: Interfax-Kazakhstan

КОММЕНТАРИИ

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.

Кіру: