04.12.2008
текст: "Kazakhstan Today"
Қаралғаны: [4]
Қазақстан қор биржасындағы индекс 4 желтоқсанда 0,8%-ға 920,10 дейін төмендеді
ҚР Ұлттық банкі белгілеген шетелдік валюта бағамдары
Қазақстанның банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2009 жылы 19,7%-ға өсті
Қаңтарда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 4 аукцион өтті
БТА Банк берешекті қайта құрылымдау үдерісін мойындату үшін АҚШ сотына жүгінді
Алматы. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы акциялар саудасының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының индексі 2008 жылдың 4 желтоқсанында 7,31 пунктке (0,8%) - 927,41-ден 920,10 дейін төмендеді, деп хабарлайды агенттік.
Биржа ақпаратына сәйкес, күннің бірінші саудасы индекс мәнін 931,05 деңгейінде белгіледі. Сауда-саттық барысында индекстің ең жоғары мәні 931,05, ең төменгі мәні - 664,27 болды.
Индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша 4 желтоқсанда өткен күнмен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңге эквивалентімен 2,9 есе төмендеп, 406,6 млн теңге ($3375,4 мың ) құрады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 14 қарашасына есептелген түзету коэффициенті free float өзгерісіне байланысты "АТФБанк" АҚ акциялары бойынша 1,2409464 құрады.
Осы орайда еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы қандайбір күнгі индекс мәні ретінде Қазақстан қор биржасында сол күні тіркелген соңғы индекс мәні қабылданады.
Қазақстан қор биржасының индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акциялардың бағасының өзгерісін көрсетеді. Тізімге қамтуда акция эмитенттерінің капитал деңгейі мен еркін айналымдағы (free float) акциялардың үлесі ескеріледі. Бұл ретте бір атаулы акцияның бағамының индекс мәніне әсері 15%-дан аспайды.
Қазақстан қор биржасының индексі әрбір сауда-саттықтан кейін есептеледі. Қандайбір атаулы акциямен сауда-саттық жүргізілмеген жағдайда индекс есептелетін күні осы атаудағы акцияның соңғы нәтижелі сауда-саттығының бағасы пайдаланылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Жаңалықтар
18:14 09.02.2010 ҚР Ұлттық банкі белгілеген шетелдік валюта бағамдары
18:12 09.02.2010 Банктер Қазақстан экономикасының нақты секторын осы күзде белсенді несиелендіре бастайды - Ұлттық банк басшысы
18:11 09.02.2010 Қызылорда облысында қамысты өнеркәсіптік өңдеу жобасы жүзеге асырылуда
18:06 09.02.2010 Алматыда жылжымайтын мүлік құны бір аптада өсіп, бір шаршы метріне $1650 болды
18:06 09.02.2010 Қазақстанның банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2009 жылы 19,7%-ға өсті





