16.06.2009
текст: "Kazakhstan Today"
Қаралғаны: [151]
Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды
Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды, оған ұйымға бақылаушы елдердің өкілдері де қатысуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ИТАР-ТАСС хабарламасына сілтеме жасап.
ИТАР-ТАСС мәліметінше, кеңеске Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан президенттері, ҚХР басшысы, сондай-ақ, бүгін таңертең Ресейге келген Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх, Монғолияның бірінші вице-премьері Норовын Алтанхуяг қатысуда.
Тар ауқымдағы кездесуден кейін кеңестің отырысы кеңейтілген құрамда жалғасады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде 15-16 маусымда Екатеринбург декларациясы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының лаңкестікке қарсы конвенциясына қол қою жоспарлануда. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Сергей Приходько мәлім етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңалықтар
09:46 03.09.2010 Әл-Кувейт қаласында тұтандырылатын 7-ші Қысқы Азия ойындарының факелін Қазақстан тарапынан велошабандоз А.Винокуров пен хоккейші Т. Жайлауов қабылдайды
09:46 03.09.2010 Қызылорданың орталық мешітінде облыс әкімі атынан ауызашар берілді
09:37 03.09.2010 Астанада «Алтын сапа» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды
09:26 03.09.2010 Қарағандыдан Қырғызстанға 16 вагон күріш жөнелтілді
09:25 03.09.2010 Таразда курсанттар суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды






